«Армысың, әз-Наурыз» бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді
17.03.2021№74 мектеп-гимназиясында 15 наурыз күні 1-11 сынып аралығында «Армысың, әз-Наурыз» бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді
Өткізілу форматы: онлайн, оффлайн
Мақсаты:
1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету;
2. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту;
3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.
Барысы: Күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесі әз-Наурыз мейрамы тәрбие сағаттарына оқушылар жақсы әзірленген. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта жаңғыратын ерекше сәтінде қазақ халқының ұлылығын дәріптей түсетін Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы тойланып, Жаңа жылымыз басталады. Бұл – ақ түйенің қарны жарылған күн, ырысты, ынтымақты ұлы той. Ел ынтымағын арттыруда Наурыз мейрамының алатын орны ерекше. Бұл күні араздасқан ағайын бір-бірімен табысып, ағаттыққа кешіріммен қараған. Бірлікті, ынтымақты ту еткен мерекені жаңа өмірдің, жаңғырудың бастауы деп қабылдаған. Сынып жетекшілеріміз осы Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсініктерін толықтай түсті. Мектеп-гимназиямыздағы екі ауысымдағы барлық сыныптарда онлайн, оффлайн форматта тәрбие сағаттары толық өтілді.


Community discussions
Обсуждений не найдено