№ 15 мектеп-лицей кітапханасының  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған «Өшпейтін естелік толқынында» атты  әдеби онлайн- челлендж өткізуі туралы ереже.

20.04.2021


  1. Жалпы ережелер.

1.1. Онлайн-челлендж «Өшпейтін естелік толқынында»Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы №15 мектеп-лицейінің 1-11 сынып оқушылары мен мұғалімдері арасында өткізіледі.

  1. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері.

2.1. Жобаның міндеттері:

- Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлеріміздің ерліктерін есте сақтау, соғыс туралы әдеби шығармаларды эмоционалды түсіну арқылы азаматтық-патриоттық сезімдерді дамыту;

 - актерлік таланттарды анықтау және қолдау;

 2.2. Онлайн- челлендждің міндеттері:

әдеби шығармалардың көмегімен оқырмандардың қызығушылығын арттыру және елдің тарихи өткенін құрметтеу, біздің жауынгерлердің Ұлы Отан соғысындағы ерліктерін есте сақтау.

  1. Жобаға қатысушылар.

Жобаға мектеп оқушылары, педагог қызметкерлер және оқушылардың ата-аналары қатыса алады.

  1. Жобаны ұйымдастыру

Челленджді дайындау және өткізу қашықтықтан ұйымдастырылған.

4.1. Қатысушыларға Ұлы Отан соғысына арналған өлеңді немесе әдеби шығармадан үзінді таңдауға, оны тиісті бейнені түсіру арқылы жатқа оқуға шақырылады.

4.2. Бейнежазбада міндетті түрде кіріспе болуы керек, онда қатысушы өзін (аты, тегі, сыныбы) атайды, өлеңнің атын және оның авторын жариялайды.Одан кейін поэтикалық мәнерлеп оқу (жатқа айту) жалғасады. Мәтінді оқуға және материалды жеткізуге шығармашылық көзқарас, әскери атрибуттардың болуы құпталады. Сөз сөйлеу ұзақтығы 2 минутқа дейін;

4.3. Бейнероликтерді сынып жетекшісінің WhatsApp-қа 20.04.2021 жылдан бастап 05.05.2021 жылды қоса алғанға дейін жолдау керек.

4.4. Бейнежазбаға мынадай нысан бойынша деректер қоса беріледі:

  1. Жоба қатысушыларының аты-жөні, сынып.
  2. Шығарманың авторы және атауы.
  3. Қорытынды ережелер.

Жобаның нәтижесі мектеп сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған жалпы мектептік әдеби онлайн-жобаны құру болып табылады.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено