ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕНДІК!

15.12.2021

ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕНДІК!
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде осы өлең жолдарымен басталған салтанатты шараға мектептің ұжымы, оқушылар қатысты. Салтанатты шарамыз Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Алғашқы сөзді мектеп-лицей директоры Гүлжан Дәрібайқызы алып, басты мемлекеттік мерекемен құттықтап, мереке қарсаңында «Білім беру мен тәрбие саласына қосқан үлесі» үшін марапаттау жасады. Сондай-ақ, әріптестеріміз
«Nur Otan» партиясы Алматы аудандық филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақ ұйымы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, Білім және Ғылым министрінің
АЛҒЫС ХАТТАРЫМЕН марапатталды. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымының төрағасы Тәуелсіздік құрдастарына арнайы сый табыс етті. Салтанатты шара мұғалімдер дайындаған мерекелік концертке ұласып, ән, би, көрініспен өрнектелді. Кеш «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

   



   

   




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено