"Тәуелсіз - мәңгілік елдің тұғыры"
15.12.2021Тәуелсіздігіміздің 30 жыл мерейтойына орай А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде "Тәуелсіз - мәңгілік елдің тұғыры" тақырыбы аясында қосымша білім беру педагогі Бұлтыңбаева Ақмарал Қалқаманқызының бастауымен сұқбат жүргізілген болатын. Мектебімізге арнайы қонақтар шақыртылып, 7 "А" сыныбымен бірге іс-шарамыз өз жалғасын тапты.
Арнайы шақыртылған қонақтарымыз: Сакен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы полковник Алдабергенов Бауыржан Жандарбекұлы, Жұлдыз Тойбек Райымбекқызы - журналист, ақын. ҚР Журналистер одағының мүшесі және Накишев Кенжебек - Қазақстан теміржолы Астана пайдалану Локомотив депосында машинист мырза бастарынан өткен әңгімелерімен бөлісті.
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі.
Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған түбі бір Түркия елі. Тек бір ел ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді.
Тәуелсіз елдің алғашқы президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан. Жазық далаға ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таңыта білді. Қаланың аспанмен теңесе салынған биік ғимараттары мен халықтың қолданысы үшін әрқилы ойын-сауықтық кешендер барлығы қала әсемдігіне көрік қосып тұр. Қазақстанның әсем мекендері, сұлу табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға жетпес байлығы әрі әлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік мекенге айналды. Осы орайда келген қонақтарымыз Желтоқсан оқиғасы кезінде болған қиын-қыстау кезеңдерін бізге баяндап, оқушыларымыз да көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз жауаптарын алды.
Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады. Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
Біз, жас өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!




Community discussions
Обсуждений не найдено