«Егіз – лебіз» атты ән байқауы

15.12.2021

Қазақстан Тәуелсіздігіне  30 жыл

                   Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей ұжымы айтулы мерекені табысты қарсы алды. 15 желтоқсан күні мектеп басшысы Зауре Жақанқызы  ұстаздардың еңбегі, оқыту мен тәрбиелеуде қосқан үлестері үшін бірқатар мұғалімдерге  алғыс хаттар тапсырып, марапаттады.

             Кешіміздің екінші бөлімінде мектебіміздің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Егіз – лебіз» атты мега ән байқауымен жалғасын тапты. Ән сайысында 8 бірлестіктің мүшелері жұптасып, өзара сайысқа түсті. Ән сайысы патриоттық және заманауи әндерді жанды дауыста орындау арқылы бақ  сынасты.

            «Жүзден жүйрік,  мыңнан тұлпар» шығып, оза шапқан өнерлі  ұстаздар  бағалы сыйлықтар және  мақтау қағаздармен марапатталды. Бас жүлдеге қазақ тілі мен әдебиет пәні  бірлестігінен  Магзумова Айгүл мен Сәдуақас Ерасыл, 1 орынға  қоғамтану бірлестігінен Қадыр Мейрамбек пен Сапарғали  Алихан , 2 орынға  Рахметулла Лаззат пен Бекебаева  Нұргүл , 3 орынға Биходжаева Айгерім мен Қарашаева Гүлнар  және Махсатова  Гүлжазира мен Нұрмағамбет Мақпал  ие болды. Жүлдегер ұстаздарды кәсіподақ  ұйымының төрайымы  Айжан Махшар мен әділ қазылар алқасы құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.  Әдемі әндері мен көңілді кештерін тарту еткен , барша ұстаздар қауымына алғыс білдіреміз. Ұлы мерекеміз  құтты болсын.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено