Оқыту семинары

15.02.2022

2022 жылғы ақпанның 15 күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша  жиынтық бағалауды құрастыру жолдары» тақырыбында қалалық оқыту семинары өткізілді. Семинар  мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жиынтық бағалауды құрастыру бойынша мұғалімдердің озық тәжірибесімен бөлісу.

Оқыту семинары ZOOM платформасында әдіскер Жанар Сейдахметқызының жетекшілігімен жүргізілді. Іс-шараға қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Қалалық семинарға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ильясова Ләззат Бақтыбайқызы қатысты. Алғашқы сөз кезегінде спикер  бөлім бойынша жиынтық бағалауды құрастырудың жолдарына тоқталып өтті. Теориялық жағына тоқтала отыра, өз тәжірибесімен бөлісті. Тапсырма құрастыруда Блум таксономиясына негізделген етістіктер шеңберін жақсы түсіндіріп,  тапсырма түрлеріне тоқталды. Ашық, жабық түрдегі және қысқа не толық жауапты қажет ететін тапсырманы әріптестермен бірге құрыстырды. Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілерін таныстырып өтті.

Сөз соңында қатысушы мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.

Семинарға қатысушылар ZOOM платформасының чатына пікірлерін жазып, кері байланыс жасады, іс-шараны  ұйымдастырған Білім беруді жаңғырту орталығына, тәжірибе алмасқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне алғыстарын білдірді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено