"М.Әуезов әлемі" тақырыбында жылжымалы көрме өтті!
01.04.20221 сәуір күні Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында, Еуразия гуманитарлық институты Еаги Қазақ Әдебиеті кафедрасы мен Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығымен бірлесіп Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына орай кафедара филиалы "М.Әуезов әлемі" тақырыбында жылжымалы көрме өтті. Іс шараға мектеп директоры Кунимбала Изтолеуқызы, мектеп мұғалімдері және мектеп оқушылары және кафедара меңгерушісінің орынбасары, филиал меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент Аслан Есімханұлы Әлімбаев қатысты. Мектеп басшылығы көрмені жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін музей-қорықтың аға ғылыми қызметкер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Гүлзат Сәлемқызына алғыс хат берді



Community discussions
Обсуждений не найдено