Мектеп түлектерімен тренинг ұйымдастырылды
19.04.2022Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында мектептің педагогикалық-психологиялық қызмет аясында жоспарға сай мектеп психологтары Р Сайлаубаева, А Касымбекова 2022 жылдың 14-18 сәуір аралығына мектеп түлектерінің моральдық-психологиялық ахуалын арттыру мен болашақ мамандықтарын таңдау жолында бағыт бағдар беру мақсатында арнайы тренингтік іс-шаралар жүргізілді.Тренинг барысында оқушылар жаңа мамандық түрлерімен таныстыра келіп, мамандық таңдаудың маңыздылығын арттыратын жатығулармен жұмыс жасады. Тренингке қатысушылар белсенділік таныта келіп, өздерінің қызығушылықтарына байланысты таңдау жасау керетіктерін басты назарда ұстады. Сонымен қатар, ҰБТ тапсырушы түлектерге психологиялық қолдау ақпараттары мен кеңестер берілді. Тренинг соңында оқушылар бір-біріне өздерінің ізгі тілектерін білдіріп іс –шараны ұйымдастырушылар мектептің педагог-психологтарына кері байланыстарын айтып өтті. Іс –шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, көңіл –күйлерінің жігерленгендіктерін айтып ,алғыстарын білдірді.

Community discussions
Обсуждений не найдено