Эстетика пәндері бірлесітігінің онкүндігі
17.05.2022Тақырыбы: Дәстүрлі өнер - ұлттық құндылықтарымызды жаңа қырынан көрсету.
Мақсаты: Оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қалыптастыру және оқушылардың шығармашылығын арттыру.
Эстетика пәндері бірлестігінің онкүндігінің ашылуы 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты түрде өткізілді. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі А.Д.Бердалиева онкүндіктің жоспарын оқушылар мен ұстаздар қауымына таныстырды. Кеш сазды әуенмен жалғасын тапты. Онкүндікте жоспарланған іс-шаралар бекітілген жоспар бойынша өткізілді.
03.05.2022 ж. музыка пәні мұғалімі Итығұлова Жанат Төрехановна 3 «А» сыныбында «Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы – Ахмет Жұбанов» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім А.Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет берді. Оқушылардың музыкаға қызығушылығы мен ынтасын оятып, ән айту дағдыларын қалыптастырды. Музыкалық шығарманы әуен, интонация арқылы анықтауға жетеледі. Сабақ тапсырмалары ұжымдық, топтық, жұптық, өзіндік шығармашылық түрінде орындауға бағытталды. Музыканы тыңдау және талдауда А.Жұбановтың «Би» күйі оркестрдің орындауында тыңдалып, арнайы таблица арқылы талданды. «Дирижёр», «партитура» жаңа музыкалық терминдерге анықтама беріліп, сәйкестендірді.Оқушылар топтық жұмыста А.Жұбановтың шығармашылығына зерттеу жүргізіп, ұрмалы аспаптармен ансамбль құра отырып, күй ырғағына сәйкес би қимылдарын шебер орындады. Сүйемелдеу сұрақтары арқылы кері байланыс жүргізілді.
04.05.2022 ж. музыка пәні мұғалімдері Итығұлова Жанат Төрехановна мен Касенова Алмагуль Амангалиевна 4 сыныптар арасында Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың бұлбұлы» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Слайд, бейнематериалдар арқылы сахна саңлағы Роза Бағланованың өнегелі өмір жолы мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәліметтер беріліп, оқушылар әншінің репертуарынан халық және эстрадалық әндерін шебер орындады. Роза Бағланованың мол мұрасы мен жарқын бейнесінен қойылған сұрақтарға жарыса жауап берді. Соғыс жылдарындағы концертін насихаттау арқылы жас ұрпақты әділдіктің, сұлулықтың, ғажайып дауыстың үлгісі екендігін дәріптеп, отансүйгіштікке баулыды.Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырып, «Интервью» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. «Ашық микрофон» әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді.
05.05.2022ж. З.Т.Қалдыбаева 5 «А» сыныбында «Құрақ түрлері. Бұйымды безендіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Зухра Төленқызы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін дамытты. Сабақ барысында амандасу, психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында «Өзім туралы» тренинг жүргізді. Оқушылар жылулық шеңберінде бір-біріне тілек білдірді. «Кім жылдам?» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталады. «Назар аудар!» тәсілі бойынша жаңа тақырыпты ашуға бағытталған видеоға назар аударта отырып, оқушылардың тақырыптың мазмұнын өздері ашуына жол ашты.Ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау барысында сәндік-қолданбалы өнерді халықтық педагогикамен ұштастырды. Сарамандық жұмыста әр топ берілген геометриялық пішінді пайдаланып, сызбасын түсіріп, құрақ бұйымдарын тігіп безендірді. «Үш қадам»кестесін толтыру арқылы сабақты қорытындылады.
11.05.2022ж. Көркем еңбек пәні мұғалімі Бердалиева Аягөз Дүйсенқызы 9 «А» сыныбында «Интерьер өз бөлмеңді картиналармен безендіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім «Өз бөлмеңді безендір» таныстырылымы арқылы интерьерді дизайн түрлеріне орай безендірудің бірнеше стильдерін көрсетіп, безендіру ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама берді. Бөлмені картиналармен безендіргенде жарықтың түсуін ескере отырып, композициялық үйлесіммен түстер гаммасының сәйкестенуі топтық жұмыс түрінде талқыланды. Оқушылар картиналардың дизайндарын түрлендіріп, түрлі-түсті қағазда орындап, көркемдеді.
11.05.2022ж. Абдықадырова Ақжарқын Наушабекқызы 5 «Ғ» сыныбында «Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Ойлы болсаң, озып көр» сурет көрмесін ұйымдастырып, тақырыпты оқушылардың өздері ашуына ой салды. «Пазлы» әдісі бойынша оқушыларды топқа бөліп, көкөністер мен жемістерді ажыратып, олардың адам ағзасына пайдалы тұстарынан қызықты ақпараттар берді. Оқушылар теориядан алған білімдерін сарамандық жұмыста ұштастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жемістер мен көкөністер салатын әзірледі. «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы сабақты жоғарғы деңгейде меңгере алғандықтарын көрсетті.
11.05.2022ж. музыка пәні мұғалімі Касенова Алмагуль Амангалиевна 3 «Г» сыныбында «Девочка-домбристка» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім Д.Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет берді. Д. Нұрпейісовамен мәдени мұраны сақтаушы ретінде танысты. Оқушылардың музыкаға қызығушылығы мен ынтасын оятып, ән айту дағдыларын қалыптастырды. Олар «Әсем қоңыр» күйінің бейнебаянын тамашалады. Құрманғазының «Сарыарқа» күйін 3 нұсқада тыңдады: жеке домбыра үні, Құрманғазы атындағы оркестр, «Ұлытау» этно-рок тобы. Шығармаларды талдап, байланысын анықтады. Сабақ тапсырмалары ұжымдық, топтық, жұптық, өзіндік шығармашылық түрінде орындауға бағытталды. Музыкалық материал бағдарламаға және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалды.
12.05.2022 ж. Л.А. Кривоносова 6 «Б» сыныбында «Исследование текстиля разной фактуры и цвета» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сыныпта психологиялық ахуал орнатып, «Ширату сұрақтары» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтады. Ойтүрткі сұрақтары бойынша жаңа сабақтың тақырыбын анықтап, бейнекөрсетілім арқылы жаңа тақырыпты түсіндірді. Баланың зеректігін, ойлау жылдамдығын дамыту мақсатында «Мозайка» әдісі бойынша мата қиындыларын құрастырып, сыныпты үш топка бөлді. Оқушылар тоқыма материалдары мен бұйымдарының қасиеттері мен фактурасын анықтап, олардың құрамы мен түрін зерттеді. Тоқыма үлгілерін қарап шығып, бір-бірімен салыстырып, кестені толтырды. «Негізгі түстер қызығы» ойыны арқылы түстердің ішіндегі сұрақтарға жауап берді. Әр топ өз қалауы бойынша жасаған үлгіні пайдалана отырып, бұйым нобайын жасап, постер қорғады. «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жүргізді. Оқушылармен өзіндік жұмыстарын сауатты ұйымдастырды. Оқушылардың қызығушылығы артып, сабаққа белсене қатысты.
12.05.2022 ж. көркем еңбек пәні мұғалімі А.Н.Абдықадырова «Шуақты көктем» атты сурет байқауын ұйымдастырды.
Мақсаты: Көктемгі табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сурет арқылы беру. Сайысқа қатысушылар әсем табиғатты туынды арқауы етті. Жинаған ұпай саны бойынша жас суретшілер қатарынан байқаудың жүлдегерлері анықталды. Кіші топтан 2 «Б» сынып оқушысы Темірхан Дұрысбек жүлделі I орынды, 4 «Ә» сынып оқушысы Оралбай Ұлжан жүлделі II орынды иеленді. Орта топтан 5 «Қ» сынып оқушысы Әлібек Әмина жүлделі I орынды, 5 «Е» сынып оқушысы Каримова Маржан жүлделі II орынды, 5 «А» сынып оқушысы Тарғынбекова Сара жүлделі III орынды иеленді. Үлкен топтан 7 «Ә» сынып оқушысы Оңалхан Сымбат жүлделі I орынды иеленді.
13.05.2022ж. Шакибаев Е.М. «Қазағымның әндері-ай» атты ән байқауын ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға халық әнінің басқа әндерден ерекшелігін, адамның жан дүниесіне тигізер әсерін сезіндіру. Ұлттық дәстүріміздің, құндылығымыздың жоғалмауын насихаттау.
Ән байқауының І кезеңінде сан жылдар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан халық әндерін, ІІ кезеңінде патриоттық тақырыптағы әндерді орындады. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалады. Жинаған ұпай саны бойынша жас орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегерлері анықталды. Кіші топтан 4 «А» сынып оқушылары Рүстембек Айша, Орынбекова Нұрай (дуэт) жүлделі Iорынды , 4 «Ә» сынып оқушылары Оралбай Ұлжан, Мұртаза Әсел, Сапар Әмина, Тагаева Мадина(квартет) жүлделі II орынды, 4 «Ж» сынып оқушылары Мұхтар Нұр, Мұхтаров Тілеген, Ұзақпай Нурәли(трио) жүлделі III орынды иеленді. Орта топтан 6 «Ж» сынып оқушысы Алмуса Ерасыл жүлделі Iорынды, 6 «А» сынып оқушысы Көпжасар Дінмұхаммед жүлделі II орынды, 5 «Қ» сынып оқушысы Болатбекқызы Әсел жүлделі III орынды иеленді.
Онкүндік мазмұнды және жақсы сезімдерге толы болды. Онкүндік аясында жоспарланған жұмыстар толық орындалды, өз мақсатына жетті. Онкүндіктің жабылу салтанатында белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Community discussions
Обсуждений не найдено