Мектеп - гимназияның жаңа оқу жылындағы даму келешегі
31.08.2022Мектеп - гимназияның жаңа оқу жылындағы даму келешегі
2022 жылдың 31 тамыз күні Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында 2022-2023 оқу жылының №1 Педагогикалық кеңесі болып өтті.
Педкеңестің басты мақсаты: оқушылардың білім алуы мен дамуына қолайлы, қауіпсіз және білікті орта қалыптастыру
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысын талдау және зерделеу.
2. 2022-2023 оқу жылына арналған мектеп-гимназиясының оқу-тәрбие жоспарын бекіту.
3.Педагог кадрлардың кәсіби біліктілік деңгейін саралау.
4. Білім беру ұйымында тәрбие жұмысын жүзеге асыру.
5. 2022-2023 оқу жылының мақсат, мІндет, ерекшеліктері.
Мектеп директоры К.Баяхметбаева 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспарымен мектеп мұғалімдерін таныстырды.
Сонымен қатар биылғы оқу жылында енгізілген жаңалықтармен бөлісті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары А.Молдаханова,Л.Сәрсембекова оқу жылымен құттықтап, ӘНХ-тағы өзгерістермен таныстырды.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Қайроллаев өткен оқу жылындағы іс-шаралармен таныстырды. Оқушылардың жеткен жетістіктерін атап өтті.
Сөз соңында алғашқы қоңырау кестесінің уақыты мен өту барысын түсіндірді.
Директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Кенебаева мұғалімдердің аттестатциядан өту ережесі туралы айтты.
Педкеңес соңында 2021-2022 оқу жылын қорытындылап, жаз айында жетістікке жеткен мұғалімдерді мақтау қағазымен марапаттады
Community discussions
Обсуждений не найдено