Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі
16.11.2022





2022 жылдың 11 қарашасында №27 мектеп-лицейінің акт залында 8 сынып параллель оқушыларының әкелерімен «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты: мектептің әкелер арқылы отбасымен бірлескен жұмысын жандандыру, әкелерді сынып әкелер Кеңесіне жұмысқа тарту, мектеп оқушыларын тәрбиелеу. Әкелерге баласымен қарым-қатынасты қалай дұрыс дамыту керектігі туралы кеңес беру. Кездесуді тренинг модераторы мектептің аға тәлімгері Секенов Н.Ж. ашты.
№ 27 мектеп- лицей3н34 директоры Қ.С. Байсалбаев сәлемдесу сөз сөйледі.
Одан әрі әкелермен кездесу барысында мектеп психологтары К.Т. Исабаева, М.Б. Имашева, А.М. Нұрғожина «Жоғары жауапкершілік мамандығы» атты тренинг өткізді. Әкелермен әр түрлі «Қол алысу», «Гүл» жаттығулары орындалды (жаттығудың мақсаты: балаңыздың жақсы жақтарын жазу, ата-аналарды балаларына жылы сөздерді жиі айтуға кеңес беру), «Көзілдірік» (мақсаты: ата-аналардың назарын бала тәрбиесіне адамгершілік қатынастың қажеттілігіне аудару). Әкелер топпен жұмыс жасады, сұрақтарға жауап берді, талқылады, өз пікірлерін айтты, қорытынды жасады, тәрбиелік тәжірибесімен бөлісті.
«Кейс-стади» әдісі бойынша 8 «Ж» сыныбының сынып жетекшісі Д.М. Жанабаева ұсынған конфликттік жағдай бойынша әкелер ата-аналар мен балалар арасында туындаған өмірлік жағдайды сұрыптап шықты.
Рефлексия барысында әкелер бала тәрбиесіндегі әке рөлі туралы өз көзқарастарын айтты. Кездесу соңында папаларға «Сен- папасың, сен- әкесің» атты парақшалары таратылды.
Community discussions
Обсуждений не найдено