«Астана дарыны»

21.02.2023

2023 жылдың  21 ақпанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Роботек»  білім беру және спорттық робототехника мектебі бірлесе отырып робототехникадан «Кегельринг-квадро» санатындағы роботтардың жарысын №8 мектеп-лицейінде өткізді. Жарысқа мемлекеттік білім беру мекемелерінен 33 команда қатысты.
🔶Жарыстың мақсаты - роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
🔶Ережеге сәйкес жарысқа әр мектептен 10-13 жас аралығындағы 2 қатысушыдан тұратын 1 команда қатысты.
33 команданың арасынан , мектебіміздің командасыда елеусіз қалмады! 
Құттықтаймыз!!!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено