🌿 Өткеннен бүгінге — кешегі шәкірт, бүгінгі ұстаз!

30.09.2026

🌿 Өткеннен бүгінге — кешегі шәкірт, бүгінгі ұстаз!

Бүгін мектебімізде мектеп директоры Турсумбекова Майнур Есенбекқызының сынып жетекшісі болған, ұлағатты ұстаз Касенбеков Қайрат Құтылбекұлымен тағылымды кездесу өтті.

Кезінде шәкіртіне білім мен тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсеткен аяулы ұстазымен қайта қауышқан Майнур Есенбекқызы жүрекжарды тілегін білдіріп, өзіне білім нәрін берген ұстазына деген ыстық ықыласы мен шынайы алғысын жеткізді. ❤️

Кездесуге мектебіміздің түлектері де қатысып, келе жатқан “Ұстаздар күні” мерекесімен құттықтап , оқушыларымыз ыстық ықыласпен қарсы алды.

Жылдар өтсе де, ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық пен құрметтің мәні ешқашан өзгермейді. Ұстаздан алған тәлім — өмірлік өнеге, ал шәкіртінің жетістігі — ұстаз еңбегінің жемісі.

✨ Ұстазға тағзым — ұрпаққа өнеге!
📚 Ұстазға алғыс!

#ҰстазғаАлғыс #ҰстазғаҚұрмет #ҰстазБенШәкірт #КешегіШәкіртБүгінгіҰстаз #Ұстазыңдықұттықта челленджі
@bilimastana
@qosymsha_ast
@mainuresenbekovna
@astana_adistemelik_ortalyq
@astana_akimdigi_akimat_astana
@astana_daryny



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено