«ЕҰУ - Мектеп» бағдарламасы аясында № 48 мектеп-лицейінде өткен «Функционалды сауаттылық - заман талабы» тақырыбындағы семинар қорытындысы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 ж. 27 қаңтарда «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстанның дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша бесжылдықтағы ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға, шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілетті болуы ең маңызды мәселе. Елбасының жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 16 ақпанында ЕҰУ ғалымдары мен мектеп ұжымы біріккен «Функционалды сауаттылық - заман талабы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ЕҰУ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасы, «Қазақ тіл білімі» кафедрасы, «Жаратылыстану» кафедрасы, «Алгебра, геометрия» кафедраларынан 20 ғалым және мектеп ұстаздары қатысты.
Семинар келесі бағыттарда өтті:
1. «Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» кафедрасы. Тақырыбы «Психологиялық ахуал - білім сапасын арттырушы фактор» Педагогикалық ұжымда оқу - тәрбие үрдісін психологиялық тұрғыдан қамсыздандыру;
2. «Қазақ тіл білімі» кафедрасы Тақырыбы: «Жаһандану дәуіріндегі тіл мәселесі» Тіл мәселесін шешудің тиімді жолдарын қарастыру;
3. «Жаратылыстану» кафедрасы Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағытталған зерттеу жұмыстары Жеке тұлғаның зерттеу жұмыстарын дамыту;
4. «Алгебра, геометрия» кафедрасы Тақырыбы: Білім мазмұнын жаңартудағы нақты пәндерді оқытудың өзекті мәселелері: оқушылардың жеке жобалық зерттеу жұмыстары мен пәндік олимпиадалардың дайындық жүргізілуіне қолдау көрсету.
Семинар барысында келген ғалымдар мен мектеп ұстаздары көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, шешім табу жолдарын қарастырды. Алдағы уақыттарда осы каферда ғалымдарымен сабақтастық жалғасын табады. Семинар соңында қатысушылар рефлексия жасады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау