«Тоқта! Сақтан! Жол ашық!»
10.02.2017
Просмотров: 908
Ақпан айының 3–ші жұлдызы күні 5 сыныптар арасында оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру мақсатында «Тоқта! Сақтан! Жол ашық!» атты плакаттар байқауы, бастауыш сыныптармен әңгіме сабақтары өткізілді. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті.
№ 21 орта мектепте 2-4 сыныптар арасында математика мен орыс тілі пәнінен өткен олимпиада
09.02.2017
Просмотров: 556
2017 жылдың 25 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында № 21 орта мектепте 2-4 сыныптар арасында математика мен орыс тілі пәндерінен олимпиада өтті.
Олимпиада тапсырмалары оқушылардың жас ерекшеліктері мен тапсырмаларды құрастыру талаптарына сәйкес жасалды; қызықты сұрақтармен қатар проблемалық, танымдық сұрақтар да болды.
Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш
09.02.2017
Просмотров: 598
Мектебіміздің салтанат залында қайталанбас құбылысқа айналған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті. Оқушылар ақынға арнап өздері шығарған өлеңдерін жатқа оқып, Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған әндерді тамылжыта орындап, өз өнерлерін ортаға салды.
Білім жәрмеңкесі
09.02.2017
Просмотров: 585
Бүгін №81 гимназияда мектепішілік «Білім жәрмеңкесі» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау,олимпиада резервін қалыптастыру ,сонымен қатар жалпы білім беретін негізгі пәндердің жекелей маңыздылығын көтеру, шапшаң ойлауды жетілдіру, экономикалық тәрбие беру;
Обсуждение | Показать все
