жол қауіпсіздік ережесін білу бойынша брейн-ринг өткізілді.
26.02.2014
Просмотров: 580
2014 жылдың 17 ақпан айында №69 «Еркем-ай» балабақшасында Астана қаласының Ішкі Істер басқармасымен бірлескен жоспарға сәйкес, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орыс топтарының тәрбиеленушілерінің арасында жол қауіпсіздік ережесін білу бойынша брейн-ринг өткізілді. Брейн-рингтің мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтай отырып, жол ережесінің белгілерін үйрету. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Түзету мекемелерінің мамандары үшін қалалық семинар
26.02.2014
Просмотров: 112
2014 жылдың 21 ақпанында №1 Оңалту орталығында «Оңалту орталығы жағдайында аутистік бұзылысы бар баланы түзете қолдау» атты өзекті мәселе бойынша семинар өтті.
Ақын Мұқағали Мақатаев «Бүгін менің туған күнім...»
26.02.2014
Просмотров: 1096
2014 жылы 26 ақпан күні Астана қаласы №71 мектеп-лицейінде Білім басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласы мектептері үшін қазақ поэзиясының саңлағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Бүгін менің туған күнім...» атты дәстүрлі Мұқағали оқулары өтті.
«Бүгін менің туған күнім...» атты Мұқағали оқулары
26.02.2014
Просмотров: 564
Ақпанның 26 күні Астана қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен ақиық ақынымыз М.Мақатаевқа арналған «Бүгін менің туған күнім...» атты дәстүрлі қалалық Мұқағали оқулары болып өтті. Аталған іс-шараға қала мектептерінен 71 мектеп қатысты. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанғандардың ішінде біздің де мектептің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасынан үзіндіні сахналандырып, «Менің пірім- Мұқағали» номинациясы бойынша 8-сынып оқушылары Нуркишова Жанель, Тұрсынханова Әнел, Серіков Әлішер және 9-сынып оқушысы Беділханов Ағзам III
Обсуждение | Показать все