Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Семей ядролық полигонына 65 жыл

29.01.2014
Просмотров: 712
      Биыл 2014 жылдың 29 – тамызында еліміздің ядролық сынақ алаңына айналғанына 65 жыл. Осы тарихи оқиғаға орай №69 мектеп-гимназиясында 2014 жылдың 22 қаңтарында тарих пәні мұғалімдері жоғарғы сынып оқушыларына арналған кездесу кешін өткізді.
Толығырақ >>

Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебінде қалалық деңгейде ашық сабақтар

29.01.2014
Просмотров: 818
Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебінде аттестациядан өтеуге өтініш берген педагогтардың ашық сабақтар байқауы өтті. Өз шеберліктерін мектептің ең үздік оқытушылары көрсетті: Исенова Гүлзия Жағыпарқызы «Кішкентайлар үшін көркемсуреттік нақыш»; Смирнов Алексей Викторович – «Шығармашылық визиттік карточка»; Өтепова Әлия Шәкіржанқызы – «Модерн» стилі», Алтаева Ботагөз Алмабайқызы – «Жыл мезгілдері» декоративті панно»; ши тоқу техникасы; Қаныбекова Әлия Әбубәкірқызы - «Дәстүрлі тәсілмен қазіргі заманғы бұйым дайындау»; Лембаева Гүлнар Кеңесқызы «Гүлдер» панносы»
Толығырақ >>

Математикадан On-Line сабақ туралы

29.01.2014
Просмотров: 532
Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде қаңтардың 24-і күні қалалық Білім басқармасының жетекшілігімен математикадан қалалық деңгейде On-Line сабақ өткізілді. Математика мұғалімі Муамер Гүл олимпиадалық есептерді шығарудың әдістемелері бойынша тәжірибе бөлісті. Муамер Гүл- өте дарынды ұстаз. Ол кісінің еншісінде қалалық, республикалық, халықаралық білім олимпиадалары мен ғылыми жарыстардың 600-ге жуық жүлделі орындары бар. Қаңтар айында өткен қалалық олимпиададан математикадан 17 жүлделі орын алып отыр.
Толығырақ >>

Дәстүрлі жеңіс

29.01.2014
Просмотров: 537
Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі қаңтардың 8-9 күндері болды.Біздің дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінен қалалық олимпиадаға биыл 78 оқушы қатысып, 39 жүлделі орындарға ие болды.Атап айтқанда, І-орын -10, ІІ орын- 14, ІІІ-орын-15.Барлық жүлденің 17-сі математика мұғалімі Муаммер Гүл баптаған шәкірттерге тиесілі.Информатика, химия, биология пәндері құр алақан емес.
Толығырақ >>
Обсуждение | Показать все