Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Қазақ жеріндегі жаңа жыл

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер! 
Батырлар дүрілдеп өткен жер, 
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, 
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, 
Сарылып сал-сері кеткен жер. 
Бас иіп, иіскеп топырағын, 
Тағзым жасамай өтпеңдер! 

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда 
Құлшылық етемін тұрғанға, 
Құлшылық етемін құмдарға, 
Тағзым жасаймын қырларға! 
Шүкірлік етемін қашан да 
Осы бір Отанда тұрғанға! 

Жазы бар жалынмен жандырған, 
Қысы бар аязға қардырған. 
Көктемі — балауса, балдырған, 
Ал күзі — алып бір ақ қырман, 
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған, 
Күрең нан жаңа алған тандырдан. 
Көлденең көлбеген көкжиек 
Қыранның қанатын талдырған. 
Авторы: Мұқағали Мақатаев

Халық арасында «Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады » деген сөз бар.
      Достар, біз де өпке-назымызды, өкініш-мұңымызды,  қиындық  сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, екі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын  махаббатпен, мейіріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік.Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады. Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз  болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Ортамыз ойсырамай, көбейіп, Алла тағала жылдан жылға аман-есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін!
     Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0