Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Жолдаудың жүзеге асуы.

Астана  қалалық білім басқармасына қарасты  № 51 мектеп - гимназиясының ұстаздар ұжымы Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  Жолдауын бірауыздан  қолдап, талқылап, қызу түрде жиын өткізді. Қызметкерлер Жолдау аясында алдағы күнге жаңа мақсаттар мен міндеттер қойды. Елбасымыз  "Қазақстан 2050" Стратегиясының негізгі бағыттары туралы өз пайымдауында « БІЛІМ ЖӘНЕ КӘСІБИ МАШЫҚ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ, КАДР ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЫ» бойынша жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу жеткіншектердің   қазіргі заманға бейімделуі үшін  аса маңызды міндет  екенін айта келіп, білім беру саласындағы басымдықтарына      тоқталып өткен болатын. Осы орайда, білім мекемесі қызметкерлері оқушылардың функционалдық  сауаттылығын    арттыру мақсатында жүйелі  жұмыстар жүргізу бойынша пікір алысып, білім жүйесіндегі жан-жақты бағдарламаларға, өзгерістер мен алға жылжуларға, болашаққа деген нақты бағытты ұстанған саясатқа қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0