Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

№49 «Алтынай» балабақшасында «Экологиялық ойындар арқылы балалардың ой – өрісін дамыту» атты семинар өтті

Астана қаласы Алматы ауданы  балабақшалары арасында 4 желтоқсан 2013 жылы №49 «Алтынай» балабақшасында «Экологиялық ойындар арқылы балалардың ой – өрісін дамыту» атты тақырып аясында мектепке дейінгі ұйымдарының ересектер топ тәрбиешілеріне арналған әдістемелік бірлестік семинары ұйымдастырылды. Семинар балабақша әдіскері Сагимбекова Ментай Бақытқызының  бағдарламаны таныстырумен және Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Мейірманова Гаухар Капжаппарқызының алғашқы сөзімен басталды. семинар0семинар, 

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша балабақша психологі Ембергенова Мөлдір Әділханқызы «Мен сиқыршы болсам...» - атты психологиялық тренинг  жүргізді. Тренинг мақсаты қонақтардың  көңіл – күйін көтеру  және экологиялық тақырыпқа байланысты өз ойларын, жылы лебіздерін тыңдау болды.
Үшінші мәселе бойынша балабақшаның ән –күй жетекшісі Шарықбаева Рысжан балабақша бүлдіршіндерінен  құралған топпен, Тәуелсіздік мерекесіне орай  «Жаса мәңгі, Қазақстан!» -  атты музыкалық сәлем жолдапқонақтарға гүл шоғын сыйлап, сонымен бірге көңіл-күй бланкісін таратты. Осылайша келген қонақтарды гүлдің түсіне қарай екі топқа бөліп, бағдарламада көрсетілген ашық оқу іс-әрекеттеріне шақырды.семинар40семинар70
       Бірінші «Балбөбек» ересек тобының  жоғары санатты тәрбиешісі  Ахметова Айнұр Орманқызы  «Біз табиғат қамқоршысымыз» - атты әлеуметтік салада қоршаған ортамен танысу және дене шынықтыру нұсқаушысы Каппасова Дина Бөгенбайқызы  «Денсаулық әлемі» атты дене тәрбиесі ашық оқу іс – әрекеттерін ұйымдастырды. Содан  соң   «Балапан» ересек тобының жас маман тәрбиешісі Салтыбаева Маржан Айткұлқызы «Қызықты математика табиғат елінде» атты қарапайым математика ашық оқу іс – әрекеті  ұйымдастырды.
семнар150семинар220семинар550
семинар22семинар66семинар54
Келесі мәселе бойынша балабқша әдіскері Сагимбекова Ментай Бақытқызы «Экологиялық тәрбие беруді балабақшада пайдаланудың мазмұны» жайында  баяндама оқып өтті. Баяндамада біршама көкейкесті мәселелер айтылып тәрбиеші Егембердиева Элнура Нұрмаханқызының педагогтармен  «Тұрмыс салт – дәстүрлері негізінде экологиялық ойындар» атты тақырыпта өз іс – тәжірибесімен таныстырды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай топтастырылып алынған ойындарды қалай қолданып, іс – тәжірибеде жүзеге асыру әдіс-тәсілдері жайлы слайд арқылы көрсете отырып, экологиялық ойындардың балалардың логикалық ойлауын арттыратын бірден– бір құрал екендігін айтып өтті.
seminar seminar  
Алтыншы мәселе бойынша № 38 «Шаттық» б\б психологы Қ.Б. Ертаева «Инклюзивтік білім дегеніміз не?»  атты тақырыпта баяндама оқыды. Онда «Инклюзивтік білім дегеніміз не?» - деген сауалға толықтай анықтама беріліп, сонымен қатар қандай балаларға инклюзівтік білімді жүзеге асыру керек, қалай қолдану керек жайлы толыққанды ақпарат айтылып, өз іс – тәжірибесімен бөлісіп өтті.
 
-         № 38 «Шаттық» балабақшасының әдіскері және модератор Қалдыбаева Шынар Сыздыққызы:
Сәлеметсіздер ме әріптестер! Бүгін біз қалалық балабақшалар арасында
№ 49 «Алтынай» балабақша аясында «Экологиялық ойындар арқылы балалардың ой – өрісін дамыту» атты тақырып бойынша мектепке дейінгі ұйымдарының ересектер топ тәрбиешілеріне арналған әдістемелік бірлестік семинарын ұйымдастырып отырмыз. Балабақша ұжымына көп рахмет, осындай ашық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырып тәжірибемен бөліскендері үшін! Менің  бірінші көрген оқу іс-әрекетім Дина Бөгенбайқызының дене тәрбиесі оқу іс-әрекеті «Денсаулық әлемі». Маған ұнаған сауықтыру шаралары: ароматерапия және соңында фито- шайы.
-         Астана қаласы  Білім басқармасының әдіскері Мейірманова Гаухар Капжаппарқызы қорытынды сөз сөйледі.
Қазіргі таңда  табиғатты қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тірбие ісінің өзекті тармағының бірі болып табылады. Тәрбиеші Айнұр Орманқызы «Біз табиғатты қамқоршымыз»  атты ашық оқу іс-әрекетінде жан-жақты экология мәселелерін қозғап балаларға табиғатты қорғау ұғымын  жеткізе білді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әрбір тапсырмасы жүзеге асырылып  бір-бірімен байланысты болды. Тәрбиешінің сөйлеген сөзі, ұстамы, қарым-қатынасы сезілді. Балалар өздерін еркін белсенді ұстап, экологиялық психологиялық жаттығулар арқылы ой – өрісін пысықтады.
    Келесі ашық оқу іс-әрекетіміз Салтыбаева Маржанның «Қызықты математика табиғат елінде» атты қарапайым математика іс-әрекеті. Жас маман болсада тәрбиеші алға қойған мақсатына жетті. Оқу іс-әрекет барысында табиғатпен  математиканы ұштастырып, балалардың логикалық ой-өрісін дамыта алды.
    Барлық келген қонақтар балабақша әкімшілігіне және қызметкерлерге өз алғыстарын білдірді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение