Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Білімнің балбұлағы - бастауыш» атты онкүндіктің қорытындысы

балбұлақ Бекітілген жоспарға сай мектептің акт залында онкүндіктің ашылуы бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты түрде болды. Ашылу салтанатының бағдарламасын Құсайынова А.Т, Серікбай Ж.С, Бердбек Е әзірледі. Оқушыларға арналған қызықты тапсырмалар мен логикалық есептер, флешмоб пен ойындардан құралған бағдарламаға оқушылар аса қызығушылықпен қатысты. Онкүндік барысында атқарылатын іс-шаралардың ретімен таныстырылып, болатын іс-шараларға дайындықты осы кезден бастау керектігін ескертті. Келе жатқан Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Менің елім-Қазақстан» , «Елімнің ақордасы - Астана»атты сурет көрмесі болатынын, көрмеге А3 форматында акварель, түрлі-түсті қарындаш, гуашь бояуларымен салынған тақырыпқа сай суреттер қабылданып, онкүндік соңында марапатталатынынан хабардар етті. Ашылу салтанаты көңілді, қызықты өтті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь