Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Ғасырдан ғасырға»

2014 жылғы 28 ақпан күні сағат 14.00-де №52 мектеп-гимназиясында

Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ғасырдан ғасырға» атты қалалық интеллектуалдық сайысы өтті. Сайысқа біздің мектептен: Балтабай Райхан-10 «А», Тынысбек Анель -9 «Г», Батырбекова Әдемі- 8 «В» сынып оқушылары қатысты. Интеллектуалды топ «Ежелгі Қазақстан мифтері» бойыншавикторина,«Блиц- турнир» капитандар сайысына, құпия сандықтағы затты сипаты бойынша анықтау жарыстарына қатысып, білімдерін шыыңдады. Ал сайыстың келесі шарты бойынша оқушылар «Түркі Құдайлары» тақырыбында 5 минуттық сахналық қойылым қойды.

ҚойылымғаБақытова Ғалия-9 «М», Усин Мирас-10 «М», Қырғызбай Дәурен-10«Г», Әбдімәлік Әнел-9«М», Бейбітова Арайлым-10«Г», Рахимжанова Әнел-8«Б», Базарқұлова Айсәуле-8«Б», Сүйіндік Ерназар-10«Ә» сынып оқушылары қатысып, жоғары деңгейде өте жықсы,шынайы өнер көрсетті.

Әділ-қазылар шешімі бойынша біздің мектептен қатысқан команда ерекше жетістіктері үшін арнайы грамотамен марапаталды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь