Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

"Цифрлік Бум"-2014


2014 жылғы 27-28 наурызда Алматы қ.«№134 лицейде» «Цифрлік Бум -2014» IV Аймақтық жастардың IT- фестивалі өтті.

ІТ –фестивалінің негізгі мақсаттары:

  • оқушылардың ақпараттық технологияларда өз білімдерін көрсету мүмкіндігі, оқу-танымдылық, ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда шығармашылық мүмкіндіктерін көрсету;
  • ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың қазіргі заманғы дүниетанымдылығын қалыптастыру;  
  • білім беру үрдісінде, тәрбие, тұлғаны дамытуда, кәсіптік бағдарлануда ақпараттық технология рөлін арттыру;
  • ақпараттық технология саласында дағдыларын жетілдіру;
  • мектепте ақпараттық-технология бейінді енгізу бойынша жұмысты белсендіру.

Фестивальда келесі байқаулар өткізілді:

  • Олимпиада
  • КТК  
  • Жобалар форумы
  • Суреттер байқауы
  • Пресс-орталығының жұмысы

№3 МГ командасы фестиваль қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындарға ие болды:

  1. 9 «Г» сынып оқушысы Зенькова Татьяна 3 орын, «Пайдаланушы» олимпиадасының абсолютті жүлдегері
  2. «Гормоны» КТК командасы 3 орын. 10 «Б» сынып оқушылары Стручков Владислав, Сыздыкова Айнур, Ягмурова Елизавета, Рыспаев Султан, Сатурин Рауан, Потлова Жанна.
  3. 10 «Б» сынып оқушысы Стручков Владислав жобалар байқауында 2 орын
  4. 10 «Б» сынып оқушысы Шаймурат Садуакас жобалар байқауында 3 орын
ЖАРАЙСЫҢДАР, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь