Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәрігер мамандарымен кездесу

Мектебімізде 25.04.2014 ж.  Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жүктіліктің алдын алу»  тақырыбында дәрігер мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге  №2 қалалық ауруханасының дәрігері Д.А.Есмурзиева 8-11 сынып қыздарына дене бітімі дамымаған қыз балалардың жүкті болған кезде қандай  жағдайға душар болатыны жайлы, балалардың мүгедек болып туатыны туралы, ата-аналар мен қоғамның көзқарасы туралы айтты. Жүктіліктің алдын алу үшін қандай контрацептивтік заттарды қолдануға болатыны, олардың қорғауының сапасы  туралы  слайдтардағы диаграммалармен сипаттап өтті. №2 қалалық ауруханасының дәрігері Д.А.Есмурзиева сөзінің сонында ер балалармен жыныстық қатынасты болдырмаудың жолдарын айтты. Дәріс соңында оқушыларға «Жүктіліктің алдын алу» парақшалары  таратылды. Мектеп әкімшілігі тарапынан ТІЖО И.А.Разиева,  әлеуметтік педагог З.Х.Искакова , мектептің инспекторы А.М.Амрина қатысты.


25.04.14 күні өткен "Жүктілікті алдын алу" тақырыбында
дәрігер мамандарымен кездесу













Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь