Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Ардагерлерге арналған мереке

Бүгін 30.04.2014 ж. Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясында Ұлы Отан соғысының 69-жылдығына байланысты мерекелік іс-шара өтті.

Педагогикалық ұжым, мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, Астана қаласы Білім басқармасының еңбек ардагерлері мен тыл ардагерлерін ыстық ықыласпен қарсы алды. Мерекелік іс-шараны Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Э.А.Суханбердиева құттықтау сөзімен ашты.

Оқушылардың «В лесу прифронтовом» атты сахналандырылған музыкалық қойылымы ардагерлер жүрегін тебірентіп, өткен күндердің естеліктерін естеріне түсірді.

Мерекенің барлық ардагерлері мен қонақтарына гүл шоқтары ұсынылды. Мерекенің қорытынды бөлімі мұражайдағы саяхатпен аяқталды.

Ардагерлер арасындағы естелік әнгімелер достық дастарханында жалғасын тапты.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь