Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Саяхат

         Мектебіміздің оқушылары жыл сайын  өлкетану бағытымен  Астана және оның маңайында орналасқан мұражайларға  саяхат-сабақ жасау  дәстүрге айналған.

Сонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.

         Оқушылар мемориалдық кешеннің  «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициясын, сондай-ақ «Еске алу қабырғасын»  көрді.

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды».   Оқушылар мұндай көрмеден алған әсерлері қашан да ұмытылмайтынын айтты.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь