Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

ІІІ-Республикалық «Тайжарыс» радиобайқауы

Бурабайда "Балдәурен" РОСО-ында өткен ІІІ-Республикалық «Тайжарыс» радиобайқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша №53 мектеп-лицей оқушылары Алпысбай Диас (орта топ) І-орын дипломмен, «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Оралбай Бағжан (орта топ) І-орын дипломмен, Талап Меруерт (жоғарғы топ) ІІ-орынмен, Молдабекова Айдана (жоғарғы топ) ІІІ-орынмен марапатталды. Алпысбай Диас пен Оралбай Бағжан байқаудың галаконцертінде өнер көрсетті. Жетекшісі Қаракеева Закира Құрманбекқызы «Алғыс хатпен» марапатталды. «Тайжарыс» радиобайқауының жеңімпаздары Түркияның Аланья қаласында өтетін «ART OLYMPIA» халықаралық фестиваль-байқауына Қазақстанның атынан бақ сынауға жолдама алды. Мектебіміздегі «Асыл мұра» үйірмесінің өнерпаздарына қанаттарың талмасын, өнерлерің көкке өрлесін деген ізгі тілегімізді білдіреміз!

                              

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь