Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Біздің мектебімізде - Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесі

Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесіне орай мектебімізде «Ер есімі –ел есінде» атты мерекелік саптық жиын өтті. Оқушылар шеруде сап құрып, бүгінгі салтанатты жиынға дайындықтары туралы баянат тапсырды. Мектеп-гимназия директоры Алма Қайрбулатқызы құттықтау сөз сөйледі. «Біз, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне ауыр күндердегі адал еңбектері үшін бас иіп, алғыс білдіреміз. Бұл мереке батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Ардагерлер өздерінің азаматтық және патриоттық парыздарын абыроймен орындап шықты, бұл бәрімізге тамаша үлгі» - деді сөзінде. 
Отан үшін кеудесін оққа төсеп, бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгер аталарымыз бен апаларымыздың даңқты ерлігіне тағзым етілді. Ұлы Отан соғысында мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Ұлы Отан соғысы жеңімпаздарының еркін жолы, өрелі өнегесі, қаһармандық жолы бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас өрендеріне, еліміздің нағыз патриоттарына аманат.
 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь