Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«ЖАС ҰЛАН» балалар және жасөспірімдер ұйымы қатарына кіру салтанатты жиыны өтті.

          2014  жылдың 15  ақпанында  (сағат 13.00-де)  мектебімізде республикалық бірыңғай  «ЖАС ҰЛАН» балалар және жасөспірімдер ұйымы қатарына кіру салтанатты жиыны өтті. Қатарға өту рәсімін мектебіміздің І және ІІ ауысымының өзін өзі басқару органының президенттері Исламов Бейбарыс, Тауыпалды Ақмарал  және І ауысым «ЖАС ҰЛАН» белсенділері ұйымдастырып өткізді. «ЖАС ҰЛАН» қатарына  7 сыныптардан белсенділер мен   оқуды тек қана «5» деген бағаларға оқитын оқушылары  (барлығы 50 оқушы)  іріктеліп алынды. Жиынның жүргізушілері: Қазбекова Бекзада, Қайратбекұлы Аңсар. Жауапты ұйымдастырушылар: директордың ТІЖО Г.А. Жупкалиева, педагог-ұйымдастырушы Нүрсеитов Н. және «ЖАС ҰЛАН» ұйымы тәлімгері Қуантқан Х.  Қатарға 54 оқушы өтті. Жиынымыздың құрметті қонақтары:

     1.            Мектеп директоры – Дүйсенова Күнімхан Смағұлқызы.

     2.            ІІ ауысым оқу ісінің меңгерушісі – Сағындықова А.Ж.

     3.            Мектебіміздің АӘД мұғалімі, ұйымдастырушы педагог, майор Тұржанов М.З.

     4.            Директордың ТІЖО  Ғ.Қ. Ысмаил.

     5.            Директордың ТІЖО  Г.А. Жупкалиева.

     6.            Мектебіміздің әлеуметтік-педагогі   Смагулова Г.И.

     7.            «Сұңқар» ұлдар клубының кураторы Томпышев Б.Қ.

     8.            5-6 сыныптардың  сынып жетекшілері.

        Жиында салтанатты түрде ҚР мемлекеттік ту кіргізіліп, ҚР мемлекеттік гимні, «ЖАС ҰЛАН» ұйымының гимні шырқалды. 6 «Ә» сынып оқушысы Ерасылдың орындауында « Жас Ұлан» әні әсем шырқалды. Келген қонақтар жасұландықтарға құттықтау сөздерін айтып, жас патриоттардың қоғам өміріндегі ролін, Отан алдындағы борышын атап өтті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь