Құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен оқушылар арасында жыл сайын өтетін «Республикалық ХҮ Абай оқуларының» ІІ іріктеу кезеңі (қалалық) қазақ тілді сыныптар үшін №68 орта мектепте 2014 жылдың 13 мамыр күні өтті. Байқауға аудандық кезеңде (Алматы, Сарыарқа, Есіл) жеңімпаз атанған, әр бөлім бойынша І, ІІ, ІІІ орындарды иеленген оқушылар қатысты.
Біздің №52 мектеп-гимназиядан «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты жас дарындар байқауына (өз шығармашылығы бойынша) қатысқан 6 «А» сынып оқушысы Несіпбек Ұлан І дәрежелі дипломмен мараптталып, маусым айында сапарға шығатын «Ұлылар мекеніне саяхат» бағдарламасына жолдама алса (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сапарбаева Раушан Тәжібайқызы), «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша қатысқан 6 «Ә» сынып оқушысы Қосымжан Гүлім ІІІ дәрежелі дипломмен (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Жакиш Көшенбайқызы) марапатталды.
![]() |
Ұстаздары мен шәкірттерін жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шығармашылық табыстар тілейміз! Өнерлерің өрге жүзсін! Қанаттарың талмасын! Биіктерді бағындыра беріңдер, ЖАС ДАРЫНДАР!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

