21.05.2014ж. Топты жарып шыққан ұстаз!
Астана қаласы Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың 20 мамырында қазақ тілінде оқытатын тарих пәні мұғалімдері үшін «Үздік тарихшы» қалалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Астана қаласы бойынша тарих пәні мұғалімінің үздік тәжірибесін анықтау арқылы, мұғалімнің кәсіби шығармашылығын ынталандыру, көпшілікке тарату, әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
І кезең-мұғалімнің портфолиосы, инновациялығы, әдістемелік тақырыбының ашылуы;
ІІ кезең-әдістемелік шеберлік сабақ (дискіде тапсыру)
ІІІ кезең-«Мәңгілік ел» идеясы менің зердемде
IV кезең-шығармашылық өнері
Осы кезеңдердің бәрінен жоғары ұпай жинап, мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Бимендин Болат Дусимбекұлы қатысып, І жүлделі орынды иеленді.Ол өзінің білімі және табандылығының арқасында әлі де толағай табыстарға жететіне сенімдіміз.
Еңбек жолыңызда қанатыңыз талмай, биік белестерге жете беруіңізге тілектеспіз!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
