Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Мектепке жол» акциясы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің   2014 жылдың 22 шілдедегі №1-12-3/1729-И хатына сәйкес және Астана қаласы Білім басқармасының 2014 жылғы 24 шілдедегі №498 бұйрығына сәйкес Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында 1тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Акция мақсаты – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына 2013-2014 оқу жылына дайындалуына көмек көрсету және оқумен қамтылмаған балаларды анықтау. Республикалық         « Мектепке жол» акциясының өтуіне байланысты  іс- шаралар жоспары құрылып, логотип  жасалып, ақпараттық стендтер безендірілді.

Осы мақсатпен қайырымдылық акцияларына кәсіпкерлер, меценаттар, демеушілер ынталандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біздің мектебімізде табысы төмен отбасынан шыққан мектеп оқушыларына қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалудың алдын алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылуда. Мектеп мұғалімдері де акцияға белсенді түрде ат салысуда.

Мектепте «Мектеп жәрмеңкесі», «Мектепке жол» акциясы өткізіледі.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь