Қайырымдылық іс-шарасы
26 тамыз күні №59 мектеп-лицейіндегі әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген,көп балалы отбасынан шыққан, сондай-ақ,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Астана қаласындағы «Нұр Астана» мешітінде өткен республикалық «Мектепке жол» аясындағы қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға мешіт қызметкерлері мектепке керекті құрал-жабдықтарды табыс етті. Сонымен бірге мектеп формасын алу үшін қаржылай көмек көрсетті.Іс-шара соңында ата-аналар мен оқушылар өздерінің алғыстарын білдірді.
|
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау