Астана қаласы № 58 мектеп-гимназиясында тамыз айының 28 жұлдызы күні кезекті педагогикалық кеңес өтті.
Астана қаласы № 58 мектеп-гимназиясында тамыз айының 28 жұлдызы күні кезекті педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес мектеп психологтарының «Амандасу» тренингімен басталып, сөз кезегі мектебіміздің директоры Умарова Алма Қайырболатқызына берілді. Мектеп басшысы өз кезегінде ең алдымен қала әкімі И.А. Тасмағамбетов және Астана қаласы Білім басқармасының басшысыЭ.А. Суханбердиеваның жаңа оқу жылымен ұстаздар қауымын құттықтауларын жеткізе келе,тамыз маслихатында көтерілген мәселелермен таныстырды.
Педагогикалық кеңестің теориялық бөлімінде мектеп басшысы «Білім берудің инновациялық стратегиясы –мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы»тақырыбында баяндама оқыды. Ол білім беру жолындағы оң өзгерістер және өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды. Мектебіміздің білім сапасын көтеру жолындағы алға қойылған мақсат-міндеттерін айқындады.
Бұл педагогикалық кеңес, бұрынғы кеңестен өзгерек болды. Өзгешелікке себеп болғаны – мектеп ұстаздарының деңгейлік курстардан өтіп, жаңашылдыққа бет бұра алғандығында. Мұғалімдер қауымы әдеттегідей оқу ісінің орынбасарларының баяндамаларын тыңдап отырмай, керісінше аудит қорытындысы негізінде мектептің қазіргі таңдағы өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, өз ойларын ортаға салып, топпен бірге ұжымдық жұмыс жасай білді.
Тәжірибелік бөлім «Оқу-тәрбие үрдісіндегі білім сапасын арттыруда өзектілікті анықтау және шешу жолдарына жаңашыл көзқарас қалыптастыру» тақырыбы бойынша директордың ғылыми – әдістемелік жөніндегі орынбасары Б.С. Кожахметова коучинг түрінде өткізді.
Коучингтың мақсаты: Топпен бірлесе отырып, білім сапасын арттыруды «SWOT» әдісіне сала отырып, өзектілікті анықтау және шешу жолдарын ұсыну.
Мұғалімдер алты топқа бөлініп, әр топтың модераторлары сайланып, топтарға әр түрлі тақырыптарда берілген тапсырмалар бойынша тақырыптың әлді және әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіпті жақтарын (SWOТ) талдау жасап, шешім шығарды.
1-топ: Мұғалімдердің кәсіби дамуы.
2-топ: Оқушылардың қызығушылықтарын дамыту.
3-топ: Мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы бірлескен жұмыс.
4-топ: Оқыту мен оқуды бағалау.
5-топ: Оқушы мен мұғалімдердің жетістікке жету жолдары.
6-топ: Бөлінген көшбасшылықты жетілдірудің маңызы.
Аталған тақырыптар бойынша барлық топтар жұмыс реті бойынша өздеріне берілген уақыт ішінде жұмыстарын аяқтап, қорғады. Қорғалып болған топтарды басқа тыңдаушы топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалады.
Соңыда топтардың барлық мүшелеріне арнайы қағаз таратылып, жазбаша кері байланыс жасады. Соңынан әр топ тақырыптары бойынша шешім қабылдап, хаттамаға тіркелді.
Педагогикалық кеңес өте мазмұнды, әрі қызықты өтті. Ұстаздар үшін кеңестің берері мол болды.





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау