Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

29 тамыз - ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні

  2014 жылдың 26-28 тамыз күндері аралығында «29 тамыз-ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні» арналған қалалық іс-шара өткізілді.
  26 тамыз күні мектепшілік жас мамандармен дөңгелек үстел өткізілді. Тәжербиелі ұстаз Қуанбаев.С.Д жас мамандарға ядролық сынақтың себептері мен салдары жайында дәріс жүргізді .Мектеп бойынша 15 жас маман қатысып өз пікірлерімен бөлісті.
  27-28 тамыз күндері мектеп спорт залында 7-8 сыныптар арасында «29 тамыз-ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне» арналған эстафеталық спорттық ойындар болып өтті. Сайысты денешынықтыру пәні мұғалімі А.Шомаев жүргізді.Сайысты әділ өткізу мақсатында әділ қазылар тағайындалды. Сайыс кызықты әрі тартысты болып өтті. Нәтижесінде 7 а,б сыныптары І-ІІ орындармен, 8 а,б,г сыныптары І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды.
  28 тамыз күні акт залда 9 сыныптар арасында «Ядролық сынақтарды тоқтату-жарқын болашақ кепілі» атты қорытынды кеш болды. Бұл кеште ядролық қару жайында түрлі деректі фильмдар және тарих пәні мұғалімі С.Утеубаева баяндама оқыды. Баяндама нәтижесінде оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында векториналық сұрақтар қойылды. Нәтиже бойынша оқушылар толық мәліметпен қамтылды. Кеш соңында патриоттық ән орындалды.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь