Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

1 қыркүйек - Білім күні

1 қыркүйек - Білім күні салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиын сағат 10.00-де басталды. Жиынға 1-9-10-11 сыныптардан 689 оқушы, 67 мұғалім қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиынға мектеп табалдырығын алғаш аттаушы бүлдіршіндер және сынып жетекшілері құрметпен ортаға шақырылды. 1- сынып оқушылары орындарына келіп тұрған соң, жиынға көк байрағымыз ту енгізіліп, мемлекеттік әнұранмен ашылды. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директорына берілді. Құттықтау сөз айтылған соң, «БиНаз» бишілер ансамблінің орындауында «Әлқисса» биі орындалды. Салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Меңдібаева Аида Серікқызы сөз сөйлеп, құттықтады.Білім күніне белгіленген «Қазақстан жолы-2050: «бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»тақырыбында барлық 1-11 сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
«Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»Білім күнін өткізудің негізгі мақсаты - тәжірибеде оқушылар өздерінің азаматтық позицияларын, әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін дамыту жағдайлары мен жағдаяттарын жасау, тұлғаны жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтарда, еліміз және оның батырлары үшін мақтаныш сезімін, туған тілді және қазақ халқының мәдениетін, Қазақстан Республикасының ұлыстары мен этникалық топтарды қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылықтарын арттыру, Отан сүйгіштікке және патриоттыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойып, барлық сыныптар эстетикалық талғамға сай көрнекіліктер пайдалану арқылы өте мағыналы тәрбие сағаттарын өткізді. 30 тамыз «Ата заңға 19 жыл толуына орай, Конституцияның баптарымен таныстыруды сабақ барысында жүзеге асырды. Сонымен қатар әр сыныпта әнұран мен патриоттық әндер орындалды. Мерекеге орай жаппай өткізілген бұл мерекелік іс-шараларға техникалық құрал-жабдықтар да пайдаланылды. Әр сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясындағы берілген негізгі құқықтармен таныстырып, Заң түсініктері туралы мағлұмат берілді. Бұл өткізілген іс-шаралар сынып жетекшілер бірлестік отырысында қаралып, жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды.


 

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь