Елдің мерейі – тілдің мерейі
Қазақстан халқы тілдерінің XVI қалалық фестивалі аясында 05.09.2014 ж. «Көпбейінді колледж» МКҚК «Гуманитарлық пәндер» ПЦК апталығының ашылуы өтті.
Тілдер апталығының мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың бірлігінің негізгі ұйтқысы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, басқа ұлттардың тілдерінің дамуына жағдай жасау.
Іс - шара барысында, тақырыпқа сай, үш тілде өлеңдер оқылды, тілдің колледж өмірінен биік мәртебесіне лайықты орын алуына күш салып отырған оқытушылар туралы слайд-шоу көрсетілді және көптеген ғұламаларымыздың қалдырып кеткен нақыл сөздері айтылды. Іс-шара соңында «Тілім менің» деген жалынды ән айтылып, қатысушылар көрерменнің қошеметіне бөленді.
Салтанатты ашылу рәсімін өткізген қазақ тілі мен әдебиет пәні және тарих пәнінің мұғалімдері : Д.К. Абельдинова, П.А. Айсариева, Г.К. Усманова, А.К. Есенгараева.
Қатысқан студенттер: Ж. Адырбай, С. Ескенова.,Е. Жанахмет, Ә. Кадырбеков, Ә. Үкібаев, Ш. Болат.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау