«Біз таза қаланы қолдаймыз» атты сенбілік өтті
Астана қаласын абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды уақтылы үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдың 8 қыркүйегінен бастап 8 қазан арасында экологиялық айлықтың басталуына байланысты 13 қыркүйек күні Жамбыл Жабаев атындағы №4мектеп-гимназиясында «Біз таза қаланы қолдаймыз » атты сенбілік өткізілді.Мектеп оқушылары сынып бөлмесін тазалау, мектеп ішін тазалау, мектеп ауласын тазарту, жасыл желекке қамқорлық жасап, суару сияқты көгалдандыру жұмыстарын тиянақты атқарды. Экологиялық айлық және жалпықалалық сенбілік өткізу мақсатында 1-11 сыныптарда «Біз таза қаланы қолдаймыз» сынып сағаттарын өткізу жоспарлануда.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау