Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»

     Астана қаласының Білім басқармасы мен Отбасылық Тәрбиелеу Институты бірлесе отырып ұйымдастыруымен №51 мектеп-гимназиясында  2014 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 9:30 «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты Бірыңғай Республикалық конференция өтті. Конференцияға 1 сынып оқушыларының 195 (соның 15 ата-ана №24 мектептен) ата-анасы қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты: алғаш мектеп  табалдырығын аттаған оқушыларға ата-ана тарапынан қандай  қолдау көрсету керектігі, бала бойында болатын өзгешеліктерге назар аудару және ата-аналарға психологиялық кеңес беру.

     Конференцияға Білім басқармасынның өкілі – Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы, «НұрОтан» партиясының өкілі, ҚазҰУ колледжінің оқытушысы – Асқарұлы Дархан және №51 мектеп-гимназиясының директоры Дүйсенова Күнімхан Смағұлқызы қатысты. Конференцияны жүргізушісі – Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлегі, психолог Ильясова Қымбат Мауленовна болды. Конференция барысында ата-аналарға баланың мектептегі алғашқы күндерінда пайда болатын қиыншылықтарына көмек беру, бала бойында бойында болатын психологиялық өзгешеліктердің себептерімен, оған назар аудару және әрекет ету бағытары түсіндірілді. Жиналыс барысында ата-аналар сауалнама толтырды және жадынамалар таратылды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь