Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

"Менің болашақ мамандығым"

2014 жылдың 3 желтоқсанында Астана қаласы № 52 мектеп – гимназиясында Бейіндік оқыту бойынша директордың орынбасары Сапарбаева Р.Т-ның басшылығымен  кәсіптік бағдар беру мақсатында  9 сынып оқушылары үшін «Менің болашақ мамандығым»  атты кездесу өтті. Кездесуге қаламыздың бірнеше  колледжінен мамандар шақырылды.

 Кездесу барысында Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжнің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы: Рахымжанов Дауылбай Мұқанұлы, Гуманитарлық колледж маманы Бекайдарқызы Таңсұлу  осы оқу орындарындағы  әр мамандық бойынша ақпарат беріп, оқушыларды мазалаған сұрақтарға жауап берді.



9б сынып жетекшісі Г.Асанова

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь