Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Ұлт көшбасшысы» ойын-сайысы

№6 гимназияда іс-шаралар жоспары бойынша Бірінші президент күніне арналған «Ұлт көшбасшысы» ойын-сайысы өтті. Іс-шараға 7-сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:

  • Отан сүйгіштікті қалыптастыру .
  • Қазақ халқының мәдениетіне, өткен тарихына және мұрасына деген махаббат, сыйластық және қызығушылық қабілеттерін тәрбиелеу.

Елбасының өмір жолын мысалға ала отырып, оқушылардың білімге, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін, үлкендерге деген сыйластықтарын артыру;

Сайыс топтық ойын түрінде өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушыларға топтың аты мен ұранын дайындап, жариялау керек болды. Екінші кезеңде әр команда «Көшбасшы» сөзінің әріптеріне сын есім таңдау керек болды. Үшінші кезең қиындау болды, 9 сөзден тұратын сөзжұмбақты шешуге міндетті болды. Төртінші кезең ҚР-ның рәміздері бойынша сұрақтарға жауап берді. Бесінші кезең «Өз ойыным» деген атаумен телебағдарлама түрінде өтті. Ең интеллектуалды болып 3 топ танылып, барлық топ мүшелері грамотаға ие болды.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь