Бастауыш сыныптар апталығының жабылу салтанаты
Желтоқсанның 26 күні бастауыш сыныптар апталығының жабылу салтанаты болды. Жабылуы жаңа жыл мерекесіне орай Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өтті. Үлгілі де, үздік сабақтармен тәрбие сағатын өткізген мұғалімдерге алғыс хат табысталды. «Үздік дәптерлер» көрмесінде үлгілі дәптер марапатына ие болған оқушылар және «Ойлайық та, ойнайық» атты қызықты тапсырмаларды орындауда ерекше белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар балалар тақпақ, ән айтып, би билеп Аяз ата мен Ақшақардың көңілдерін тауып, сыйлықтар алды. Апталықтың жабылуына жауапты мұғалімдер: Конилбаева И.Д, Жумашева Б.Ж.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
