Қазақ хандығына 550 жыл
15.09.2015
Өткен аптада 5 «а»сыныбында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған сынып сағаты өтті. Сынып оқушылары Хамитова Сабина «Қазақ хандығы» туралы, Жұмақанова Алтынай «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында рефераттар дайындап әкелді. Сонымен бірге Бекен Аида түрлі-түсті бояумен «Қазақ хандығы туралы суреттер», Кендирова Жұлдыз «Қазақ хандығының жылнамасын» алып келді. Сынып сағаты бейнефильммен жалғасын тауып, «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әнмен өз мәресіне жетті.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено