Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Тілім менің - тіршілігім, тынысым»

Аталған гимназияда 21-26 қыркүйек  аралығында «Тілім менің -тіршілігім, тынысым» тақырыбында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік мүшелерінің ұйымдастырылуымен тіл фестивалі болып өтті.

 Апталықтың мақсаты: Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі екендігін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай, қашанда биік ұстауға үйрету.

  Апталыққа қатысқандар қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері, жиыны- 14  ұстаз.   Оның  ішінде жоғары санатты-4,  бірінші санатты-4, екінші санатты- 3,  санаты жоқ -3.   Сонымен қатар апталықта  16  кешен  сынып  қатысып,  400 -дей  оқушы (5-11-  сыныптар)  қамтылды.  Тіл апталығына  ата-аналар комитеті,  мектептен тыс ұйымдар, жас мамандар), ағылшын, орыс тілі мамандары, кітапханашылар,  мектеп әкімшілігі қатысты.  Апталық барысында  екі сайыс, эссе байқауы, мәнерлеп оқу сайысы, жас ақындар сайысы, интеллектуалды ойындар сайысы сияқты қызықты байқаулар өтілді.

Апталықтың жоспары:

2015-2016 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің  Тіл фестивалі апталығында өткізілетін іс-шаралар жоспары:

 

Сабақтың тақырбы:

Іс-шаралар өткізу түрі

 Сыныбы

Мерзімі

Жауапты мұғалім:

1

Тіл фестиваліне қатысты тілдер апталығының ашылу салтанаты

«Тілім барда айтылар сыр ойдағы»

Ашылу салтанаты

І-ІІ ауысым

Сағат 12:30

Битемір А.Б.

Даулетова З.А.

Сенбиева Н.Қ.

Бірлестік мүшелері

2

Мәнерлеп оқу сайысы

«Жасай бер, ана тілім»

Сайыс

5-7-сыныптар

Сағат 12:30

Муратова И.Ж.

Даулетова З.А.

Бейсенбекова А.Т.

3

«Ең қымбат қазына –тіл»

Эссе байқауы

8 -11-сыныптар

Сағат 12:30

Ильясова Қ.И.

Темірғалиева Б.Ш.

Сенбиева Н.Қ.

Нұрышова Р.

4

 

 

 Интеллектуалдық ойын

 «Тіл білгірлері»

Ойын-сайыс

8-10сыныптар

Сағат 12:30

Қожанова Н.Т.

Бексейтова А.Б.

5

Жабылу салтанаты:

«Тілім менің- тіршілігім, тынысым»

Жабылу салтанаты

І-ІІ ауысым

Сағат 12:30

Муратова И.Ж.

Даулетова З.А.

Бейсенбекова А.Т.

 

Апталық барысында барлық  сайыстар мен байқаулар асқан шығармашылықпен өтті.  Атап айтқанда:

Дүйсенбі:  Апталық  бірлестік мүшелерінің ұйымдастырылуымен «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты салтанатты жиынмен басталды. 

Негізгі жауаптылар:

  1. Сахнаны безендіру: бірлестік мүшелері;
  2. Сценарий дайындаған:  Битемір А. Дәулетова З.

Апталықтың  ашылу салтанатына бірлестігіміздің мүшелері  түгелдей қатысып, мектеп директоры , әкімшілік мүшелері,  ата-аналар, мектеп  оқушылары  (5-11) және басқадай пән мұғалімдері көрермен ретінде шақырылып , тамашалады.  Сонымен қатар фестивальдың ашылу құрметіне Әуезовтанушы, ақын Тұрсын Жұртбай шақырылды. Ақынды қуана қарсы алған көрермен қауым мен оқушылар ақынның шығармалары туралы өз ойларын бөлісті. Салтанатты жиында өткен іс-шаралар өз міндеті мен мақсатын аша білді. Соның ішінде  5-сыныптан  7 оқушы, 6-сыныптан  10 оқушы, 7-сыныптан  5 оқушы, 8-сыныптан  6 оқушы, 9-сыныптан 3 оқушы, 10-сыныптан 5 оқушы, 11-сыныптан 4  оқушы апталықтың ашылу салтанына  белсенділікпен  қатысты. Оқушылар  өз өнерлері  мен білімдерінің  шығармашылық даму кезеңінің дұрыс бағытта екендігін айқындап берді.  Бұдан біз аталмыш сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдердің еңбектерінің сапалық көрсеткішінің нәтижесі екендігін көреміз.

  Жиын Мемлекетіміздің гимнімен басталып, мектеп директорының құттықтауымен ашылды.  Мектебіміздің  оқушылары  өздерінің тілге деген құрметтерін  патриоттық әндермен,  билермен, көркемсөз оқумен , жас ақындардың өнерлерімен  көрсетті.  Бұл жерде пән мұғалімдерінің өнер саласы ұстаздарымен тығыз шығармашылық байланыста екендігі дәлелденді.

Ерекшеліктері: Салтанатты жиында жас ерекшеліктеріне қарамай мектеп оқушыларының  өз ойларынан шыққан туындыларын салтанатты түрде нақышына келтіріп  оқып беруі көпшіліктің көңілінен шықты. Оқушылар Отанына, туған тіліне деген махаббаттарын мақтанышпен көрсете алды. Сонымен қатар қазақтың музыкалық аспаптарымен күмбірлете төгілген  күйлер, қобыздар тартылып, билер тамашаланды. Солардың ішінде ерекше көзге түскен оқушылар: Бақыт Есбол, Мамедәлі Аида, Ерсін Бағдат, Жортуыл Ерасыл, Теміржанова Әсел, Балтабаева Аяулым, Бектібай Ақжол, Алмағанбетов Мадияр, Түгелбаева Ақбота, Бекұзақ Дархан, Серікқызы Айғаным, Талғатбекқызы Шолпан, Кабсалямова Айымжан т.б.  Ұстаздары Мұратова Индира,  Ильясова Қатира, Алмабаева Әлия, Қожанова Нұргүл,  Битемір Айнаш т.б.

Сейсенбі:  5-7-сыныптар арасында «Жасай бер, қазақ тілі!» айдарындамәнерлеп оқу сайысы, 8-11-сыныптар арасында жас ақындар сайысы өтілді. Жауапты:  Мұратова И, Даулетова З, Алмабаева Ә. 

 Сабақтың  мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқушылар арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.

Көрермендер  залы тіл туралы ұлылар ойлары жазылған плакаттар мен слайд-шоулармен  жабдықталды.

Сайыстың  ерекшелігі:   дәстүрлі емес технологияны пайдаланып өткізілген сайыстың басты ерекшелігі оқушылардың есте сақтау қабілеті мен мәнерлеп сөйлеу дербестігін басшылыққа алған толеранттық тәрбиеге бейімділігімен айқындалды.

Әдеби кеш екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар белгілі ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп, өздерінің тілге деген құрметпен баяндады. Екінші кезеңде аталған тұлғаларға еліктеулерін өз шығармашылықтарынан өрбіген туындыларын көрермендерге жариялады.

«Қазақстанның болашағы –қазақ тілі» атты бейнежазба көрсетіліп, оқушылардың назарына Тіл заңына қатысты риторикалық сұрақтар қойылып, пікір алмасты.  

Сәрсенбі: «Ең қымбат қазына –тіл» тақырыбында  эссе байқауы болып өтті. Жауапты мұғалімдер: Ильясова Қ, Темірғалиева Б, сенбиева Н, Нұрышева Р.

Байқаудың мақсаты:  Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, тілімізді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.

Ерекшелігі:  Тәжірибелі ұстаз тілге деген құрметті тілдік мемлекеттік мәртебесінен бастап түсіндіріп, тіл мәртебесінің заңдық аясын көрермендерге жариялап, мемлекеттік рәміздің рөліне басты назар аудартты. Бұл жерде мұғалім патриоттық тәрбиеге басты назар аударған. Сонысымен тәжірибелі ұстаздың оқушылардың шығармашылықтарын  шарықтатуға қатысты іскерлігінің көрінісі белгілі болды. Оқушылар өз бойындағы тілге деген махаббат, құрметтерін қағаз бетіне асқан шығармашылықпен жазды. Оқушы толғанысы көпшілікке мәнерлеп оқылды. Көзге ерекшеленіп түскен 11-сынып оқушысы Оспан Розаның туындысы болды. Пән мұғалімі: Ильясова Қ.И.

Бейсенбі:  Құрбан айтқа байланысты демалыс жарияланды.

Жұма: Интеллектуалды ойын «Тіл білгірлері».  Ойын төрт кезеңнен тұрды.  Сайысқа

9-10-сынып оқушылары қатысты. Төрт топқа бөлінген оқушылардың білімдері мен логикалық ойлау қабілеттеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар берілді.  Ұйымдастырған мұғалімдер: Бексейтова А,Қожанова Н.

 Кембридж оқу курстарын тәмамдаған ұстаздардың шеберлігімен сайыс барысында таныстық. Мұғалімдер өз шеберлігін әртүрлі блоктармен тұратын инновациялық технологиялардың негізінде ұйымдастыра білді. Басты ерекшелік ұстаздар өз пәнін жетік меңгергендігі, әдістемелік шыңдалғандығы, оқушылардың түрлі проблемалық жағдайдан ой-толғау нәтижесінде тың шешімді  шапшаң қабылдауға төселгендігімен байқалып тұрды.

Ерекшелігі: Ұстаздардың жүйелі еңбегінің нәтижесінде оқушылардың шығармашылық шыңдалуы дұрыс бағытта екендігі айқындалды.

Сенбі: «Тілім менің -тіршілігім, тынысым» атты тіл мерекесінің жабылу салтанаты ашық түрде өтті.

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға еліміздің елдігін танытатын оның өшпес тілі екендігін ұғындыра отырып, оны көздің қарашығындай сақтауға шақыру, ұлтжанды азамат болып өсуіне ықпал ету. Тіл мерейін көтеру.

Негізгі жауаптылар:

  1. Сахнаны безендіру: бірлестік мүшелері
  2. Сценарий дайындаған:  Мұратова И. Дәулетова З.

Ерекшеліктері:  Салтанатты жиын  «Хан сарайындағы текетірес» атты қойылыммен ерекшеленді. Театрланған көріністер  ерекше орын алды. Қазақстан телеарнасынан қонақтар шақырылды.   Тіл мамандары өз шығармашылық біліктіліктерін тағы да бір қырынан  көрсете білді. 

Жиынға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, бірлестік жетекшілері толығымен қатынасты. Апталықта ерекше белсенділік көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, алғыстар жарияланды., Ұстаздардың танымдылығымен, білімділігімен, жауаптылығымен атқарған  істің  нәтижесінде апталықтың жабылу салтанатына  «өте жақсы» деген баға берілді. 

«Тілім менің - тіршілігім, тынысым» айдарында болып өткен тіл апталығына                  ҚОРЫТЫНДЫ:

            Қорыта келгенде,   жалпы апталықтың ұйымдастырылып өткізілу жұмысына «өте жақсы» деп баға берілді.

            Бірлестік мүшелерінің әдістемелік біліктілігінің талапқа сай екендігін, жоспарлы жұмысының атқарылу жүйесі дұрыс бағытта болғандығы жан-жақты байқалды. Оқушылардың білім сапасы мен білімге деген қызығушылығы олардың танымдылығы мен шығармашылық ойлау, ой түйіндеу, талдау, тұжырым жасау дағдылары белгілі бір жүйеде қалыптасып, даму деңгейінде екендігі белгілі болды. Барлық бірлестік мүшелерінің нормативтік құқықтық актілермен, білім беру құжаттары және тағы басқа іса құжаттарымен жұмыс істеу дағдылары дұрыс жолға қойылғаны байқалды.

Ұсыныс:

  1. Тілге саяси маңыз беретін қоғам қайраткерлері мен баспасөз ақпараттық  құралдарымен ынтымақты күшейту.
  2. Алдағы уақытта осындай бағыттағы іс-шараларға басқа да бірлестік мүшелерін қатыстыру қажеттілігі бар.

Жалпы бұл аптадағы  іс-шараларға  «өте жақсы» деген баға берілді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0