Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты онкүндігі өтті

04.12.2015

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты онкүндігі өтті

     Мектебімізде 23-30 қараша аралығында «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндік атап өтілді.

р/с

Өтілетін іс-шаралар

 

Сыныбы

Мерзімі

Өтілетін орны

Жауапты

 1

Апталықтың ашылуы

-Апталықтың ашылуын ресми түрде таңертеңгілік мектеп жиынында хабарлау

 

Мектеп жиыны

 

 

Спорт зал

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

 2

«Мен – Қазақстандықпын!» шығармалар байқауы

8-11-сынып

Апталық барысында

 

Пән мұғалімдері

 3

Ашық сабақ «Сын есімнен өткенді қайталау»

6 «А»

3-сабақ

Каб № 303

Акирапбаев Н.Б.

 4

Интеллектуалдық ойын «Гимназия көшбасшысы»

9-сыныптар

 

Каб № 303

Жакыпбекова А.М.

 5

Ашық сабақ С.Дөнентаев «Бозторғай»

6 «Ә»

4-сабақ

Каб № 303

Әлімбек Б.А.

 6

Сайыс сабақ «Асыл сөзді іздесең...»

8-сыныптар

 

Каб № 303

Акирапбаев Н.Б.

 7

Ашық сабақ А.Байтұрсынұлы «Қара бұлт»

6 «А»

3-сабақ

Каб № 303

Акирапбаев Н.Б.

 8

Ашық сабақ «Сан есімнің сөйлемдегі қызметі»

7 «Б»

4-сабақ

Каб № 303

Жакыпбекова А.М.

 9

Сахналық қойылым «Қазақтың Қайраты»

7-9-сыныптар

 

Мәжіліс залы

Атақбаева Қ.М.

Самарханова Н.А.

 10

Ашық сабақ «Сілтеу және сұрау есімдіктерінің түрленуі»

7 «Ә»

4-сабақ

Каб № 303

Атақбаева Қ.М.

 11

Интеллектуалдық ойын «Ең үздік оқырман»

5-8-сыныптар

 

Кітапхана

Қанатбекқызы Ж.

 12

Апталықтың жабылуы. Мерекелік кеш «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы»

10-сынып

 

Мәжіліс залы

Әлімбек Б.А.


     Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар бойынша Акирапбаев Нұрбол 6 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сын есімнен өткенді қайталау» тақырыбында деңгей бойынша ашық сабақ көрсетті. Нұрболдың сабағына «Өрлеу» орталығының мамандары қатысып, жоғары баға берді.
     6 «Ә» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен Әлімбек Балым С.Дөнентаевтың «Бозторғай» өлеңімен ашық сабақ көрсетті. Сабақ жоспары жүйелі құрылған, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өлең мазмұнын толық ашу арқылы, оқушылар өз пікірін, ойын ортаға сала білді. Музыка, биология пәндерімен пәнаралық байланыс орната білді.    
    Жақыпбекова Әсел 7 «Б» сыныбымен қазақ тілі пәнінен «Сан есімнің сөйлемдегі қызметі» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ жоспары жүйелі құрылған, мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білді. Әсел – жас маман болғандықтан сабақты талдау кезінде жіберілген қателеріне сын тағылып, методикалық көмек көрсетілді.
   Келесі бір ашық сабақты 7 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен Атақбаева Қарақат «Сілтеу және сұрау есімдіктерінің түрленуі» тақырыбында жүргізді. Сабақ жоспары жүйелі құрылған, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сабақты мұғалім оқулықпен жұмыс, тақтамен жұмыс, үлестірме қағаздармен жұмыс түрінде түрлендіріп өтіп, жаңа тақырыпты оқушыларға меңгерте алды.
     Сондай-ақ, 9-сыныптар арасында Жакыпбек Әсел «Гимназия көшбасшысы» сайысын ұйымдастырды.
 
 
     Акирапбаев Нұрбол 8-сынып оқушыларымен «Асыл сөзді іздесең....» атты сайыс сабағын өткізді.


    Самарханова Насихат және Атақбаева Қарақат 7-9-ші сынып оқушыларымен «Қазақтың Қайраты» атты сахналық қойылым дайындады. Сахналық қойылым өте жоғары деңгейде көрсетіліп, мұғалімдер оқушылардың дарыны мен сахнада ойнау шеберлігін аша білді.

    5-сыныптар арасында Қанатбекқызы Жұлдыз «Ең үздік оқырман» атты интеллектуалдық ойын өткізді.
 


    Сонымен қатар 8-11-сыныптар арасында «Мен – Қазақстандықпын!» тақырыбында шығармалар байқауы жүргізілді. Ең үздік деп танылған Абдразакова Дариға (8 «Ә»), Кабжанова Алтынай (9 «Ә»), Құрманбек Аружан (10 «А»), Юнусова Уразой (11 «А») сынды оқушылардың шығармалары қалалық шығармалар байқауына ұсынылды. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті апталығы 30 қарашада Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай 10 «А» сынып оқушылары ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» атты мерекелік кешпен жабылды. Жабылу салтанатында апталықтың өтуіне белсене атсалысқан сыныптар марапатталды.


X



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено