2016 жылдың 12 қаңтарында мектебімізде кезекті педагогикалық кеңес өтті

13.01.2016

2016 жылдың 12 қаңтарында мектебімізде кезекті педагогикалық кеңес өтті.Мектеп директоры С.Б.Нугманова күн тәртібінде қаралған мәселелер туралы айтып өтті.
Онор Алтынгүл
Жұмағалиева Ж.Е.
Қарамергенова Н.Т.
Килибаева Қ.К.
Темирханова Ж.С.
Ердеханова С.С.
Орынбасарлар
 
І сұрақ бойынша, «Гимназия сыныптардында оқушылардың қызығушылығы мен білім сапасын арттыру» (іс-тәжірбиемен бөлісу) болды. Осы тақырып бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Ж.Е.Жұмағалиева мен Онор Алтынгул: гимназия сыныптарында қалай оқушының ынтасын және сапасын арттыруға болатынын өздерінің іс – тәжірбиелерінен элементтерін алып, мұғалімдермен «Шебер сынып» ретінде көрсетті және әрбір бөлімнің соңында осы сыныптарда өздерінің қолданатын әдістерін айтып, бөлісіп отырды. Қазақ тілі және математика пән мұғалімдерін ІІ топқа бөле отырып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Бинго» ойыны арқылы логикалық сұрақтар қойылды. Осыдан кейін СТО стратегиясының «Әдеби үйірме» элементі арқылы ананасты жұптармен бөле отырып, әр жұпқа жұптық тапсырмалар берді. Олар: баяндап беруші; (осы затқа анықтама беру),Зерттеуші (заттың жан –жақты сипаттау),сұрақтар құрастырушы (тақырып бойынша сұрақтар дайындайды), сілтемелер табушы (тақырыпқа байланысты афоризмдер мен мәтелдер дайындау), бейнелеуші, суреттеуші (затты ауызша немесе жазбаша суреттеу), дәнекер (өмірмен байланыстыру).
Бұл элементтің мақсаты: топ мүшелерін, команда жауапкершілігіне үйретеді. Материалды жан-жақты ойлау тұрғысынан қарастыруға және түсінуге мүмкіндік береді. Сондай – ақ материал көлемінде қалып қоймай кеңірек ізденіс жасауға және қол жеткізуге болатын ресурстарды пайдалану дағдысын дамытады.Осы тапсырмалар бойынша топтар жұмыс жасады. Қорытынды ретінде слайд арқылы әр түрлі технологияларды қолданғанда оқушылардың сапада жеткен жетістіктері мен кемшіліктері санамалап көрсетілді. Ары қарай, тарих және орыс тілі мұғалімі гимназия сыныптарында кездесетін кедергілер мен оларды жою жолдары бойынша ұжыммен бірлескен жұмыс жасады.Рефлексия жасалды.
     ІІ сұрақ бойынша, «Оқушыларға құқықтық және этномәдениет тәрбиесін беру» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдері: Ж.С.Темирханова С.С.Ердеханова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. С.С.Ердеханова: «Дінтану негіздері» және «Өлкетану» таңдаулы курстарында оқушыларға құқықтық және этномәдениет тәрбиесін берудің маңыздылығын жан-жақты аша отырып, Қазақстан- демократиялық, құқықтық және зайырлы ел болғандықтан, діни сенім бостандығы адам құқығы ретінде мойындалып отырғаны және құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттері екені, яғни мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі назарында ұстап отырғаны туралы айтып берсе, Ж.С.Темирханова өз іс-тәжірибесімен бөлісе отыра, осы сабақтардың оқушыларға құқықтық және этномәдениет тәрбиесіне жан-жақты түсіндірмелер жүргізілетінін, сондай-ақ оқушыларды көпмәдениеттілікке тәрбиелеуде дінтану негіздерінің ықпалы жоғары екендігін атап өтті.Сондай –ақ, дінтану сабақтарында оқушыларды толеренттылыққа тәрбиелеу және зайырлылылықты бойына сіңірту арқылы олардың пәнге қызығушылығының артуының нәтижесін көруге болатынын айтты.біздің түлектеріміз ЕҰУ –нің «Дінтану» факультетінде оқуларын жалғастыруда.
ІІІ сұрақ бойынша директордың орынбасарлары ІІтоқсанның, Іж/жылдықтың оқу-тәрбие жұмысына толық талдау жасап, шешімдер шығарылды.
Педагогикалық кеңестің соңынд, Самал Ботақановна осы жартыжылдықта ұжымның алдында тұрған мақсат -міндеттерді айқындай отыра, шығармашылық өркендеу тіледі.





 


 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено