«Самғау Астана» жаңа форматты

17.02.2016

Бүгінгі таңда Білім беру мазмұнының өзгеруіне орай оқушылар мен мұғалімдерге жаңа талап қойылуда. Сондықтан мектеп мұғалімі өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып, жаңа тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білуі мен қолдана білуі тиіс. Ақпан айының 17 күні Астана қаласының №40 орта мектеп шаңырағының астында «Самғау Астана» жаңа форматты мұғалімдердің желілік қоғамдастығының тірек мектеперге арнаған «Басқару және көшбасшылық: мектептегі іс-әрекетті зерттеу» қалалық-практикалық семинары өткізілді. Біздің мектептің мұғалімдері де осы іс-шараға белсене қатысып, өз тәжірибелерін ортаға салды. Семинарға Білім басқармасы мен Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері, қала мектептерінің басшылары мен мұғалімдері қатысты.
Тарих пәні мұғалімі, 3 деңгейлі курсты аяқтаған Қарамергенова Назгүл №40 орта мектептің 9 сынып оқушыларына сабақ берді. Назгүлдің сабағына қатысқан қала мектептерінің мұғалімдері сабақтың өте сәтті өткенін атап өтті. Әріптестері келешекте кәсіби тұрғыдан білікті, құзіретті маман бола алатынын осы кезден дәлелдеп жүрген Назгүлге шығармашылық табыс тіледі.
Бірінші, екінші деңгейлі мұғалімдер Бегимова Гүлнар Жексенбаевна, Анапьянова Райхан Әскерқызы, Алиханова Жанар Ибадуллаевна мен Құрмет Гүлдана секция жұмыстарына өз шебер сыныптарын ұсынды. Мектептегі желілік қоғамдастық пен мұғалімдердің кәсіби дамуындағы менторинг туралы тәжірибесімен бөлісті. Олар секция жұмысына қатысқан әріптестерімен пікір бөлісуге, ортақ мәселелерді бірігіп талдауға мүмкіндік алды.
Басшылар секциясында «Басқару және көшбасшылық: мектептегі іс-әрекетті зерттеу» тақырыбында мектептің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары Қожахметова Бахыт Садаққызы қатысты. Басқа мектеп директорларымен бірге мектепті басқарудағы жаңалықтар, білім сапасының көрсеткіші мен мектептегі зерттеу іс-әрекетінің ұштастығы сөз етілді.
Семинар соңында қорытынды жасалып, тәжірибе бөліскен мұғалімдер өз жұмыстарына баға алды.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено