«Әскер мен рух күші, отбасы мен салт-дәстүр беріктігі-ел мақтанышы»

16.02.2016

Астана қаласы Сырбай Мәуленов  атындағы 37 орта мектебінде  Ауған соғысы ардагерлерімен өткен  кездесу  сабақтары бүгінгі жас  ұрпақтың бойына  елге, жерге,Отанға деген  сүйіспеншілік  сезім қалыптастырғанын  ерекше  атап  өтеміз. Бастауыш 4Ә,3Ә сыныптарында «Әскер мен рух күші, отбасы мен салт-дәстүр беріктігі-ел мақтанышы» атты тәрбие  сағаты   өткізілді. Тәрбие сағатына Ауған  соғысының  ардагерлері Кабиев Сембек Мажитұлы,Молдабеков Бейбут   Кабдешович  қатысты.  Оқушылар кітаптың бетінен  ғана оқып білген сұрапыл соғысты жайында көптеген сұрақтарын қойып,жауабын алды.

Сембек Мажитұлы оқушыларға естелікке сынып қорына Бақытбек Смағулдың қазақтың «Қара майоры» кітабын табыстауда.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено