Мамырдың 9-16 дейінгі аралықтағы іс шараларға қатысқаны үшін марапаттау рәсімі
17.05.2016
Орынбекова Әсель «Жасыл экономика» ғылыми жобасын қорғап шыққаны үшін бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сыйлық ретінде «Көшпенділер» кітабының үш томы тапсырылды. Оқушы сөзінен: «Менің бұл ғылыми жобам елордамыз Астананы көркейтуге, сонымен қатар экологиялық таза қалаға айналдыруға бағытталған. Жобамның бір ерекшелігі: «Домбыра» және «Кітап» бейнесінде жасалған мәдениет үйлері. Олардың сырты «Арселор Миттал» компаниясы дайындаған күн батареяларымен жабдықталған. Күн батареялары туралы мәліметті біз компания өкілдерімен байланысып, анықтадық». Құттықтаймыз!
Өткен аптада өткізілген Мемлекеттік кикбоксинг жарысында №15 мектеп-лицейінің оқушысы Мейрамбеков Айдын жүлделі II орынға ие болды. Бұл жарыс Өскемен қаласында өткізілді. Айдынның айтуы бойынша бұл жарыс оңайлықпен келген жоқ, себебі, қарсыластары өте мықты болды. Жалпы ол үш қарсыласпен кездесіп, сүрінбей финалға өтеді. Бірақ финалда ол өте мықты қарсыласпен жекпе-жекке шығуға тура келеді. Әйтсе де бас жүлдінені алмаса да, ол Ирландия елінің Дублин қаласында 2016 жылының тамызында өтетін чемпионатқа жолдама алды! Құттықтаймыз!

№ 15 мектеп-лицейінің 9 «А» сынып оқушысы Кусаинов Айбек Алматы қаласында самбодан өткен жарыста II және III орынға ие болды. Айбек 80 кг салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шықты. Финалда Айбек өз қарсыласынан бірнеше ұпайға ғана артта қалып II орынға қол жеткізді.
Сонымен қоса, Кусаинов Айбек ЮНЕСКО дәрежесінде суретші куәлігіне ие болды. Құттықтаймыз!
Астана қаласының білім басқармасының өткізген «Жас әскери техник» атты қалалық көрме сайысының EXPO-2017 номинациясы бойынша бас жүлдеге № 15 мектеп-лицейінің оқушылары Бекет Маржан мен Рафиков Ренат және жетекшісі Бектемір Ерлан ие болды. Олар «Умный Дом» атты автоматталған макетімен жеңіске жетті. Құттықтаймыз!
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено