Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Ертеңіме сенемін

       Бүгін мектебіміздің салтанат залында 7-сынып оқушысы, көптеген байқаулардың жеңімпазы, атап айтқанда қалалық «Ақ көгершін», «Менің елім», «Шырқа дауысым», «Семь нот добра и мира», «Astana music star», «Шаттық-2016» байқауларының 1-орын және Бас жүлдегері, алтын медаль иегері, «Шабыт әлемі, музыка», «Ферия», «Звездный час», «Astana childrens» сияқты халықаралық ән байқауларының 1-орын иегері Дастанқызы Дильназдың «Ертеңіме сенемін» атты жеке ән кеші өтті. Кеш қонақтары Қарақат мектеп-студиясының «Жетігеншілер» ансамблі, жас әншілер Бакарам Жанболат, Дарбаев Ғалымжан және Гүлназ болды. Әдемі ән кешінде Дильназдың орындауындағы «Анашым» әнінің тұсауы кесілді. Дәстүрлі әнге баулыған ұстазы Сәрсенбеков Жалғас Қыдырбекұлы шәкіртінің өнерге деген құлшынысын айтып берді. Атасы мен әжесі немересіне ыстық ықыласын білдірсе, қолына қалам алғызып, әріп үйреткен алғашқы ұстазы да ізгі ниетін жасырмады. Кеш соңында мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы талапты жас дарынға ақ тілегін айтып, өнер жолында сәт-сапар тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы педагог: Сағидолда Қ.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0